Атырау, 7 қараша 02:50
 дождьВ Атырау +5.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Түркістан облысында тағы бір ауылды су басты

3 915 рет қаралды

Мақтаарал ауданында Өргебас ауылын су басты, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

"3 мамыр таңғы сағат 05.00-те 250 үй суға батқан Фердоуси ауылынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елді мекеніне қарай су келе бастады. Екі елді мекеннің ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Эвакуация барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін облыста тағы 3200 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлағанбыз.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

3 мамыр 2020, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.