Атырау, 16 қаңтар 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Алматыға ерекше алып ұшақ қонды

5 468 просмотра

Алматының халықаралық әуежайына ерекше алып Ан-22 «Антей» ұшағы қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, борт жанармай құю үшін қонаған. Қазір ол қайтадан ұшып кетті. Қай бағытта екендігі хабарланбайды. 

Ан-22 «Антей» - бұл СССР-дың ауыр турбовинтті көліктік ұшағы. Одақтың бірінші кеңфюзеляжды борты. Жалпы, осындай 69 ұшақ шығарылған. 

Бүгінгі таңда оны Ресей әскери-әуе күштері мен Украинаның «Antonov Airlines» әуе компаниясы қолданады. Алғаш рет әуеге 1965 жылдың 27 ақпанында көтерілді. 

Алып Ан-22 әскери көлік ұшағына грек мифологиясындағы Антеяның аты берілген. Бұған дейін, Алматы әуежайына бірнеше рет әлемдегі ең үлкен Ан-225 «Мрия» ұшағы қонған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

2 мамыр 2020, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.