Атырау, 7 шілде 01:19
 дождьВ Атырау +29.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Мақтаарал ауданында екі ауылды су басты

4 239 рет қаралды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының екі ауылын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 2 мамыр таңғы сағат 04:30-да Мақтаарал ауданының шекарасындағы Орталық далалық коллекторынан (өткізу қуаты - секундына 120 текше метр) су төгіліп, Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су алып кеткен. 

«Сондай-ақ облыстық мәндегі «Мырзакент - Жеңіс - Жаңа тұрмыс» тасжолын су басқан. Көлік жүруі мүмкін емес» делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, елді мекендер, коммуникациялық желілер мен егістіктерге зақым келген болатын.


Дереккөз: inform.kz


2 мамыр 2020, 07:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.