Атырау, 16 қаңтар 22:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

3 032 просмотра

2 мамыр күніне ауа райының күрт құбылуына байланысты Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

2 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді. Шымкент қаласында күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауыса соғады, екпіні — 15-20 м/с. 

Түркістан қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Күндіз, 2 мамырда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 

Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с болмақ. Қостанай қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. 

Көкшетау қаласында күндіз найзағай ойнауы ықтимал.

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 85-100 %.


Дереккөз: inform.kz

2 мамыр 2020, 05:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.