Атырау, 16 қаңтар 22:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық сотталды

Бейнежазба
3 326 просмотра

Оңтүстік Кореяға заңсыз барған екі қазақстандық Таиланд азаматына шабуыл жасап, ақшасын тонағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жергілікті Daejeon MBC News телеарнасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телеарнаның мәліметі бойынша, Тэджон соты екі заңсыз иммигрант - Қазақстан азаматтарын - 4 жыл және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Олар жезөкшелікпен айналысқан шетелдік мигрантқа шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сотталғандардың бірі 19 жаста екені белгілі болды. 

Былтыр желтоқсанда Тэджон қонақүйлерінің бірінде қазақстандықтар Таиландтан келген трансгендерге шабуыл жасап, миллион вон (350 мың теңгеге жуық) ұрлап кеткен және полицейлерге қарсылық көрсеткен. 

1 мамыр 2020, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.