Атырау, 26 қараша 06:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өзбекстанда дамба жарылды. Тұрғындар көшіріліп жатыр

Бейнежазба
5 583 просмотра


1 мамыр күні таңертең Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды. Құтқарушылар жақын маңда орналасқан тұрғындарды көшіріп үлгерген.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, төтенше жағдайлар министрлігінің, ішкі істер органдарының және Ұлттық гвардия қызметкерлері таң атпай халықты оятып, көшуге шақырған. 

– Таңғы сағат 6-да кенеттен айқай басталды. Көшелерде милиция қызметкерлері "Тұрыңдар, көшіңдер, Сардоба су қоймасындағы дамба жарылды" деп айқайлап жүрді. Біздің үй су қоймасынан бір шақырым жерде орналасқан. Бірден құжаттарды алып, далаға шықтық. Елдің бәрі дүрбелеңге түсіп, көліктеріне отырып, қашып жатыр, біз де қаштық. Су гүрілдеп бірден басып қалды, біз көлікпен шығып үлгердік. 1 және 1А ауылы толық судың астында қалды, – деді ол.


Дереккөз: zakon.kz

1 мамыр 2020, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.