Атырау, 17 қаңтар 00:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Қазақстанда төрт журналист COVID-19 жұқтырды

2 645 просмотра

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова COVID-19 вирусын жұқтырған журналистер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің мәліметіміз бойынша вирус жұқтырғандардың арасында төрт журналист бар. Олар науқастармен байланыста болған, яғни тұрмыстық жағдайда ауырып қалды", - деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, COVID-19 вирусын жұқтырған журналистер шетелге шықпаған. Барлығы осында жүріп, вирусқа шалдыққан. Қазіргі кезде олардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Олар материал жинап, репортаж түсіреді. Ал карантинге жабылған қалада жүру үшін арнайы рұқсат қағазы беріледі.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда 3 078 адамда вирус расталды. Ең көп науқас Алматы (926) мен астанада (612) тіркелді. 774 адам жазылып шықты. 25 адам індеттен көз жұмды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

29 сәуір 2020, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.