Заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әнші Ернар Айдар Instagram-дағы парақшасында алаяқтарға алданып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әнші енді ғана телефонға қолы жеткенін айтып, өзі үшін уайымдап, қолдау көрсетіп, тілекші болып жатқан жұртқа алғысын білдірді.
"Және осы істің ақ-қарасын ажыратпай, сыртымнан сынап, қаралап жатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Ұтыс ойынын ұйымдастырушылардың барлығы қамауға алынды. Қазір Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді Ернар Айдар.
Ол тергеудің әділ өтуіне өзі де көмек беріп жатқанын атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАлдағы уақытта істің мән жайын хабарлап отырамын. Баршаңызға рахмет!
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.