Атырау, 7 қараша 02:50
 дождьВ Атырау +5.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Жұмағалиев: Жыл соңына дейін тағы 613 ауыл интернетке қосылады

3 136 рет қаралды

Биыл кең жолақты интернетке қосылған ауылдар саны 5163-ке жетеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл кең жолақты интернетке қосылатын ауылдар саны 5163-ке жетеді. Еліміздің халқын 3G және 4G интернет желісімен қамту 99,3%-ті құрайтын болады", - деді Жұмағалиев үкімет отырысында.

Министр 2018 жылдан бері мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс технологиясы арқылы интернетпен қамту жобасы іске асырылып жатқанын еске салды.

Жоба жыл соңына дейін 1250 ауылды интернетке қосуды көздейді. Талшықты оптикалық желінің ұзындығы 20 мың шақырымнан асады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

28 сәуір 2020, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.