Атырау, 21 желтоқсан 02:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​«Шаронда балық қырылған жоқ»

Бейнежазба
3 520 просмотра


Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының тұсында көп балықтың жағаға шығып қалып, тұншығып жатқаны туралы видеожазба тарады.

-Бұл жай Ақкөл округі аумағында 25 сәуірде орын алды, - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Құрманғазы ауданындағы бөлім басшысы Нұрболат ҚАРАТЕКЕЕВ. - Біз құтқару қамына кіріскенімізбен сол күні  тасқын су келіп, сағадағы балықтар кейін қайтып кетті. Балықтардың қырылу фактісі болған жоқ. Қазір Қиғаш өзенінде су көтеріліп келеді.

Айта кету керек, сәуір айында біраз балық Астрахань трассасын жаңарту кезінде көпірдің астына салынған құбырлардан өте алмай, жиналып қалған болатын. Енді құбырды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

28 сәуір 2020, 08:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.