Атырау, 14 қаңтар 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

27 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар іске қосылады

4 484 рет қаралды

Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап кәсіпорындар іске қосылады. Бұл тұрғыда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері; 

банктер мен қаржы секторының ұйымдары жұмыстарын қайта бастайды.

Нұр-Сұлтан қаласында:

қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;

электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер жұмысы қайта жанданады. 

Алматыда:

көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары; 

қаржы және сақтандыру секторлары; 

сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу) жұмысын қайта бастайды.

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

27 сәуір 2020, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.