Алматы Америка сотында қаланың экс-әкімі Виктор Храпуновқа қарсы істе жеңіліп қалды, деп хабарлады Bloomberg.
«Қазақстанның ең үлкен қаласы - Алматы сәрсенбі күні (22 сәуір – ҚазТАГ) тоғызыншы округті миллиондаған долларды заңсыз алып, оны АҚШ-қа жылыстатқан деп айыпталған бұрынғы әкімге (Храпуновқа – ҚазТАГ) қарсы берілген сыбайлас жемқорлық және алдау туралы талап арызын шағымдануға қажетті мәліметтер жетіспеушілігіне байланысты қайта қарауға көндіре алмады», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 8 қазанда Алматының бұрынғы әкімі В.Храпунов 17 жылға, оның әйелі Л.Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім сырттай шығарылды.
В. Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 22 қарашасында бірқатар сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстарды жасағаны туралы факті бойынша ашылды. Оқшаулау шарасы ретінде сот оны қамауға алуға санкция берді. 2012 жылғы 8 ақпанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мемлекетаралық іздеуді бастады.
В. Храпунов отбасымен бірге Швейцарияның Женева қаласы орналасқан Вале кантонында тұрады. Сонымен қатар, Алматы қаласының бұрынғы әкімінің ұлы Ілияс Храпуновқа да халықаралық іздеу жарияланды. Оны іздестіру бағыты Интерполдың веб-сайтында жарияланды. І. Храпуновтың ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық жасау, қылмыстық қауымдастыққа қатысу және заңсыз тапқан алынған ақшаны заңдастыру немесе басқа да мүлікті заңдастыру туралы күдікті деп танылды.
2013 жылдың тамызында Қазақстан қаржы полициясы Храпуновтарға қарсы қылмыстық істі тергеу барысында Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдарына заң көмегі үшін халықаралық тапсырыс жіберілгенін хабарлады. Заң көмегін көрсету жөніндегі нұсқаулықта келтірілген құжаттар мен дәлелдер Швейцарияның уәкілетті органдары тарапынан зерттелді және талданды, нәтижесінде Швейцария Конфедерациясының аумағында Храпуновтарға қатысты қылмыстық қудалау басталды.
Дереккөз: ҚазТАГ