Атырау, 5 мамыр 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"40 бала коронавирус жұқтырды". Бекшин ата-аналарды балаларын қатаң бақылауда ұстауға шақырды

4 239 просмотра

Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. 

"Үйден шығуға, балаларды жіберуге болмайды. Кешке немесе басқа кезде болсын айырмашылық жоқ. Коронавируспен күресудің ең тиімді тәсілі өзіңді оқшаулау. Соңғы уақытта 14 жасқа дейінгі 40 бала коронавирус жұқтырған. Бұл балалардың кешкі уақытта ата-анасыз далаға шығып, ойнауға болмайтын жерлерде жүретінін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселеге мән беру қажет. Балаларды бақылауға алып, бұл тұрғыдан ересектер тарапынан тәртіп белгілеуді сұраймын", - деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырудың 793 адам бар. Олардың 90-ы сауығып шықты. Соңғы тәулікте 31 жаңа жағдай тіркелді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

25 сәуір 2020, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.