Атырау, 23 желтоқсан 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған

4 234 рет қаралды

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

1957 жылы туған әйел 23 сәуірде көз жұмған, бұл туралы бүгін таңертең белгілі болды.

Марқұмның зайыбының айтуынша, ол бір апта бойы қақырықты жөтел мен дене қызуының көтерілгеніне шағымданған. Солай бола тұра, ол дәрігерге бармай, үйде өзі емделген.

23 сәуір күні аяқ астынан демі жетпей, есін жоғалтқан. Жедел жәрдем бригадасы шақырылғанымен, дәрігерлер жеткенше науқас қайтыс болды.

Ал коронавирусқа қатысты талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен.

Алматыда қайтыс болған екінші науқас 1945 жылы туған. Ол 12 сәуір күні COVID-19 диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Науқаста жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екі жақты пневмония сияқты сырқаттары болған.

"Ауыр жағдайда болғандықтан пациент жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстанда індет салдарынан көз жұмғандардың жалпы саны 24-ке жетті.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан.  

24 сәуір 2020, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.