Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Таразда 80 полиция көлігі түнде орталық көшеге жиналды – видео

Бейнежазба
3 269 просмотра

Тараздың орталық көшесінде 80 патрульдік көлік түнде "Үйде бол" деген жазу құрастырды. Осылайша полицейлер қала тұрғындарын ерекше әдіспен карантин режимін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары 80 патрульдік көлікпен орталық көшеде "Үйде бол" деген жазу құрастырып, бейнеролик түсірген.

Әсерлі бейнеүндеуге Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов те қатысты.

"Барлық іс-шара сіздердің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды қорғау үшін жасалып отыр. Карантин режимінің тезірек аяқталуы сіздерге байланысты", - деді ол облыс халқына.

Коронавирусқа байланысты күшейтілген шараларға қарамастан, кейбір адамдар үйден себепсіз шығып, карантин талаптарын сақтамауда.


Статистикаға көз жүгіртсек, төтенше жағдай кезінде облыста 700-ден астам заңбұзушылық анықталған.

Дереккөз: Polisia.kz 

24 сәуір 2020, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.