Атырау, 23 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

Сурет Бейнежазба
3 892 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында шыққан өртті сөндіру үшін әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді. Оның бір ұшқанда он тонна су шашуға мүмкіндігі бар.

© PHOTO : ПРЕСС-СЛУЖБА КОМИТЕТА ПО ЧРЕЗВЫЧАЙНЫМ СИТУАЦИЯМ
 Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті қарағайлы орманындағы өрт ошақтарын жою және өртті сөндіру үшін құтқарушыларға техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілгенін хабарлады.
Әлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы
Сағат 07:45-те Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен суағар құрылғысы бар Ми-26Т тікұшағы ұшты. Борт бір ұшқанда он тонна су шашатын болады. Сонымен қатар бортта Көкшетау гарнизоны жеке құрамының 30 адамы бар, олар өртті сөндіруге атсалысады", - делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 23 сәуірде Қазақстанның шығысында "Семей Орманы" резерватының аумағында өрт басталды. Кешке қарай өрттің 300 гектар аумаққа тарағаны белгілі болды.

Бұған дейін өртті сөндіруге 26 өрт сөндіру көлігі, төрт орман өрті кешені, аспалы құрал-жабдығы бар үш трактор мен екі патруль көлігі, бір МИ-2 тікұшағы және 75-тен аса адам жұмылдырылғаны хабарланды.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 сәуір 2020, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.