Атырау, 18 мамыр 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді

3 366 просмотра

Коронавируспен күреске тартылған дәрігерлерге тиесілі үстемеақы басқа қызметкерлерге төленгені анықталды. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол медициналық қордың міндетіне үстемеақы аудару ғана емес, ұсынылған деректердің дұрыстығын тексеру де жататынын атап өтті. 

"Тізімді салыстыру бойынша да жұмыс жүргізіледі. Талдау барысында бұйрыққа қайшы заңсыздыққа жол берілген. Қауіптілік тобы, жұмыс уақытының айлық балансы асыра көрсетілген, соның салдарынан төлем сомасы азайған. Параклиникалық бөлімшелердің қызметкерлеріне үстемеақы аударылмаған, төлем ақпараттық жүйелерде жоқ қызметкерлерге төленген", - деді Жұмағұлов онлайн брифингте. 

Айтуынша, егер үстемеақы толығымен төленбесе, комиссияның қарауынан кейін, бұл түзетіледі.   Ал, артық төленген жағдайда, ол ақша жергілікті бюджет пен медициналыққ ұйымдардың бюджетіне қайтарылады. 

Үстемеақының мөлшері қанша

  • "Қауіптілігі аса жоғары" санаттағыларға — 850 мың теңге;
  • Қауіптілігі жоғары" – 425 мың теңге;
  • "Қауіптілігі орташа" – 212,5 мың теңге.

Бұдан бөлек, медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге төленеді. Егер қайтыс болса, 10 миллион теңге өтемақы қарастырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 сәуір 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.