Атырау, 18 мамыр 15:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"ЕСП" төлеудің жаңа тәсілі пайда болды

3 537 просмотра

Бірыңғай жиынтық төлемді мемлекеттік кірістер комитетінің eSalyq мобильдік қосымшасы арқылы төлеуге болады. 

Қосымша телефондағы App Store және Play Market дүкендерінде бар. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға тіркелген жері, төлеу мерзімі мен жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету жеткілікті.

Айлық есептік көрсеткіш өскеннен кейін бірыңғай жиынтық төлем көлемі өзгерген жоқ. 

"eSalyq қосымшасында бірыңғай жиынтық төлемді "Қазпочта" интернет-эквайрингімен электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жасауға болады. Комиссия - 100 теңге", - делінген хабарламада.

"ЕСП" төрт міндетті төлем түрін біріктіреді:

  • жеке табыс салығы;
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  •  БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдері;
  •  міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар

Не үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау керек

  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін;
  • зейнетақы жинағын жасауға және зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу үшін;
  • мүгедектік, жұмысынан айрылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босанған, баланы асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі болған жағдайларда, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі қалада 2 651 теңге, ал ауылда 1  325 теңге.

Дереккөз: sputniknews.kz

23 сәуір 2020, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.