Атырау, 18 мамыр 15:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ақтауда полиция қызметкерлері​ ​жезөкшелер ордасын өз қамқорлығына алған деген күдікке ілінді

5 233 просмотра

Ақтауда арасында коронавирус жұқтырған тұлғалар бар жезөкшелер ордасын полиция қызметкерлері өз қамқорлығына алған деген күдік келтірілуде, деп мәлімдеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша департамент облыстық прокуратурамен бірлесіп, Ақтау қаласында жезөкшелер ордасын ұйымдастырған шетелдік азаматтарға сырттай қолдау көрсеткен полиция бөлімі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алды, - деді Жапаков.

Оның айтуынша, облыс аумағында карантин екеніне қарамастан, полиция жезөкшеліктің заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін шара қолданбаған және оны сырттай желеп-жебеуді жалғастыра берген.

Сонымен қатар, полиция коронавирус жұқтырған жезөкшемен шетелдік азаматтардың тікелей байланыста болғаны туралы фактіні жасырған.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парақорлық, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, жезөкшелікті ұйымдастыру және жеңгетайлық қызмет, сондай-ақ адам денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы мәліметтерді хабарлауы нәтижесінде 87 адам оқшауланды, оның ішінде жезөкшелер ордасын ұстаған екі шетел азаматынан да коронавирус инфекциясы анықталды, деп сөзін қорытындылады Жапаков.
23 сәуір 2020, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.