Атырау, 18 мамыр 18:17
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елжан Біртанов коронавирусқа тест тапсырды

3 159 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен ведомство қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырды. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

30 наурыздан бастап министр Елжан Біртановтың бұйрығымен орталық аппарат қызметкерінің 90%-і қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

"Барлығы үйден жұмыс істеп жатыр. Бізде күн сайын видеоконференциялар өтеді. Ведомство ғимаратында Елжан Біртанов және бірнеше қызметкер жұмыс істейді. Алайда олар бөлек кабинетте отырады. Министрлікте инфекция жұқтыру қаупі төмен", - деп атап өтті Ахметшәріп.

Соған қарамастан министр мен министрлік қызметкерлері коронавирусқа тест тапсырып жатыр.

"Талдау нәтижесін егжей-тегжейлі хабарлаймыз",- деп уәде берді ресми өкіл.

Айта кетейік, бүгін бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Надыров 21 наурызда вице-министр қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Алайда ол қазір Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр.

22 сәуір 2020, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.