Атырау, 7 қараша 02:54
 дождьВ Атырау +5.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

4 617 рет қаралды

Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған жедел қызмет сарбазы қаза болды.

"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің жедел қызметтегі әскери қызметкері қатардағы жауынгер Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

22 сәуір 2020, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.