Атырау, 20 сәуір 03:05
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Саунада ұсталған тергеушілер жұмыстан шығарылды

3 077 просмотра

Тергеу басқармасының басшысы және оның қарамағындағы адамдар ТЖ режимін бұзғаны үшін теріс себептермен жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің Тергеу басқармасының қызметкерлерімен төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Осы басқарманың басшысы Р. Тұрғамбеков, оның қарамағындағы тергеушілері Н. Мурзагельдин, А. Қағарман, Ж. Ақмолдин, Б. Лұқманов және Көкшетау қаласындағы монша кешендерінің бірінде кешкі бос уақытын өткізгені анықталды. Осыған байланысты биылғы 20 сәуірде агенттіктің орталық аппаратының тәртіптік комиссиясының отырысы өткізілді. Әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтарына орын алған және мүлтіксіз адалдықтың барлық жағдайларын ескере отырып, агенттік төрағасының бұйрығымен аталған қызметкерлер теріс себептер бойынша болашақта мемлекеттік және құқық қорғау қызметінде жұмыс істеу құқығынсыз жұмыстан шығарылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, тәртіптік комиссияның ұсынымы бойынша облыстық департамент басшысы М. Төлеубаев жеке құраммен профилактикалық жұмысты нашар ұйымдастырғаны үшін толық емес қызметтік сәйкестік түрінде жауапқа тартылыпты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, өз әріптестерінің теріс қылығының салдарын сезіне отырып, азаматтардың жауапкершілігін мойындай отырып және құрметтей отырып карантин режимін сақтауда шынайы кешірім сұрайды, кез келген қызметкердің заңды бұзуының әрбір фактісі бойынша жазадан бас тартпауына кепілдік береді", - делінген хабарламада.

21 сәуір 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.