Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға өтініш қашан қабылданады

6 072 просмотра

Коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлеуге өтініш қабылдау әкімдіктер өтінім қабылдайтын арнаулы жүйені іске қосқан соң басталады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді және бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. 

Әкімдіктер өтініштерді қабылдайтын арнаулы жүйені дайындағаннан кейін ол туралы жергілікті халықты хабарландырады. Аталған жұмыс мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Сондықтан өтініш беру үшін әкімдіктерден тиісті ақпаратты күту қажет.  

Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді, сондықтан өтінім беруге асықпау қажет. Өйткені барлық өтініштер мамыр айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады. Өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін ұсыну қажет. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекітті.

20 сәуір 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.