Атырау, 23 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Моншада ұсталған Жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

3 868 рет қаралды

Антикоррупция қызметі төтенше жағдай режимі кезінде ведомствоның моншада жүрген қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Департамент қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу басталды, тергеу қорытындысы бойынша қажетті шара қолданылады", - деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Көкшетауда моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкерінің ұсталғаны хабарланған болатын. 

Ақмола облысының полиция өкілдері 18 сәуірде сағат 22.30 шамасында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері рейд кезінде Көкшетаудағы "Избушка" монша кешенінің иесі төтенше жағдай режимін бұзғаны анықталғанын хабарлады. Белгіленген шектеулерге қарамастан сағат кешкі 21.00-ден кейін моншада төрт адам болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

В сети появилось видео на котором руководитель одного из управлений департамента Нацбюро по противодействию коррупции по Акмолинской области пытается объяснить ситуацию нагрянувшим с внезапным визитом людям, которые отвечают ему что сотрудники нацбюро игнорируют их просьбы. По информации, антикоррупционщики нарушили режим ЧП, и после 21.00 находились в бане.

Публикация от КОКШЕТАУ - ИА Кокшетау Азия (@kokshetauasia)


20 сәуір 2020, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.