Атырау, 23 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтөбе әкімінің орынбасары ұсталды

5 216 рет қаралды

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz City04.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарларға қарағанда, ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ол қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысымен бірге жұмыс істеген деген болжам бар.

Ақтөбе қаласы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметінде Жангелді Әубәкіров небәрі 8 ай жұмыс істеген.

16 сәуірде Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты екі айға, яғни 2020 жылдың 15 маусымына дейін қамауға санкция берді.

- Ол 189 баптың 2 б. 4-тармағында "Өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету" қарастырылған қылмыс жасады деп күдіктелуде, - делінген мамандандырылған тергеу сотының хабарламасында.

Жангелді Әубәкіров Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2019 жылғы шілде айының соңында кірісті.

Ол айналысында миллиардтаған сомалар жүретін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын басқарды. Оның саласына көпірлер құрылысы, жолдарды жөндеу және салу, қаланы абаттандыру және жарықтандыру, тазарту сияқты жұмыстар кіреді.
19 сәуір 2020, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.