
Шымкентте жол талғамайтын көлік жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 18 сәуірде Бәйдібек би және Төлеметев көшелерінің қиылысында болды. 33 жастағы Lexus LX 570 маркалы автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті.
Нәтижесінде полиция қызметкері орташа ауырлықта жарақат алды. Жүргізуші оқиға болған жерді ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы ("төтенше жағдай жарияланған жердегі билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бұл жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.
Дереккөз: Polisia.kz
В Атырау -1