Атырау, 14 қаңтар 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Білім вице-министрі кешірім сұрады

4 310 рет қаралды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға дайындалған видео сабақтарда кеткен қателіктер үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

-Ия, біз бұл қателікті байқап отырмыз. Қашықтан оқыту біз күтпеген жағдай еді, ал мұғалімдер бұған дайын болмады. Көп мұғалім қатты қобалжыды (бейне оқулықтарды түсіру кезінде). Қазір осы екі апта ішінде 700-ден астам бейне сабақ көрсетілді. Оның көбі көктемгі демалыста түсірілді, біз осы қателіктер үшін қоғамнан, ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұраймыз, - деді Шолпан Каринова онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, мұғалімдер тақырыпты түсіндірерде қателік кеткен, ал бейне сабақ қайта өңдеуге жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде 4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағында мұғалім сөйлем мүшелерін ажырата алмаған бейнесабақ сыналып, жан-жақты тарап кеткен, сол секілді 1-сыныпқа арналған сабақта да мұғалім сөздерді буындарға дұрыс бөле алмады.

17 сәуір 2020, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.