Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Пекинге нота жолдауға себеп болған даулы мақалаға қатысты Қытай елшісі пікір білдірді

3 479 просмотра

Нұр-Сұлтанның Пекинге нота жолдауына түрткі болған Sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуды қалайды?" деген мақалаға қатысты Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо пікір білдірді.  Бұл туралы елші өзінің facebook парақшасына жазды.

 "Авторы белгісіз мақала қытайлық сайтқа, қытай тілінде жарияланған. Дегенмен бұл мақалың авторы Қытай азаматы және мақалаға Қытай үкіметінің қатысы бар деп тұжырым жасауға негіз бола ала ма? Қытай тілінде тек қытайлар, орыс тілінде тек орыстар жазады деген тұжырым болса "ағылшын тілінде кімдер жазады?" деген сұрақ туындайды емес пе? Қазіргі сайттарға кіру тегін екені белгілі. Кез келген арандатушы мүны өз пайдасына асыра алады. Бүгінгі таңда әлемде сенсациялық айдарларды көпшіліктің назарын аудару үшін, ал кейбір адамдар үшін саяси ұпайларды алу үшін пайдаланады. Бірақ бұл мақаланың кімнің мүддесі үшін жасалғанын анықтау керек. Дегенмен бұл ұзақ зерттеуді қажет етпей, шындық жақын уақытта белгілі болады деп ойлаймын", - деп жазды Чжан Сяо.  

Sohu.com интернет платформасында жарияланып, кейін ашылмай қалған мақалада “Тарихта Қазақстан Қытайдың аумағына тиесілі болған, Қазақстан Цин империясының вассалы еді” деп жазылған.  

Дереккөз: qamshy.kz

17 сәуір 2020, 18:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.