Атырау, 19 мамыр 07:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда коронавирус жұққан медицина қызметкерлері 234 адамға жетті

2 810 просмотра

Алматыда коронавирус жұққан медицина қызметкерлері 234 адамға жетті. 17 сәуірде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалада тағы 19 медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын хабарлады.

"10-ы - орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкері, екеуі - стационардың жедел респираторлық вирус инфекциясы белгілері байқалған екі қызметкері, біреуі жедел медициналық көмек қызметінде істейді, N7 қалалық клиникалық аурухананың екі қызметкері, N12 поликлиниканың екі қызметкері, көпсалалы клиникалық аурухананың екі қызметкері бар" делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін 200-ге жуық қызметкерінен коронавирус табылған Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасының басшысы қызметінен кеткен болатын. Аурухана карантинге жабылған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық қалалық клиникалық ауруханасында емделген 215 адамнан тест алынып, 18 адамнан вирус табылған. 17 сәуірде олардың саны 20-ға жеткен.

Қалада жалпы 461 адамнан коронавирус табылған. 67 адам жазылған. 392 науқас (арасында Алматы облысынан келген бір науқас бар) ауруханаларда коронавирустан емделіп жатыр. Бір адамның жағдайы - өте ауыр, төрт адамның жағдайы - ауыр, 92 адамның жағдайы - орташа ауыр, 295 адамның жағдайы - бірқалыпты.

422 адам карантинге оқшауланған, үйде карантинде 7992 адам бар.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 сәуір 2020, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.