Атырау, 18 желтоқсан 18:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Болашақ" шетелдегі өкілдіктерге бекер ақша жұмсайды". "Біреудің алажібін аттап көрмедім": Болат Назарбаев жасаған жақсылығы туралы". Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп?". "Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы. Баспана қымбаттай ма?".

3 009 просмотра

STAN.KZ"Біреудің алажібін аттап көрмедім": Болат Назарбаев жасаған жақсылығы туралы" - Болат Назарбаев "Айна" Youtube каналына берген сұқбатында осы уақытқа дейін жасап келген жақсылығы туралы айтты. Халыққа, достарына, өнер адамдарына көмектескім келеді деген меценат кейбір адамдардың сол жақсылықты басқаша түсінетінін айтып қалды. 

"Болашақ" шетелдегі өкілдіктерге бекер ақша жұмсайды - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық бағдарламалар орталығының басқа елдердегі өкілдіктеріне кететін шығынын тиімсіз деп атады. Мысал ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі АҚШ-тағы өкілдердің жұмысын алды.

«Полиция бастығын қолдаймын: Қазақстандық ерлер Әбілбековты қолдау үшін жастықпен суретке түсті» - Алматы полициясы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков "жастықпен суретке түсу" челленджіне қосылды.

ZAKON.KZ. «Қазақ билігіне "халыққа ақша бер" деу – қателік» - АҚШ, Германия, Жапония сияқты елдердің үкіметі өз азаматтарына ірі сомаларды таратып жатқанын естіп жақтан кей қазақстандықтар да сондай ақшадан дәмелі болып шыға келді. "Бұл – қателік", дейді ABISHEV ANALYTICS телеграм каналының авторы.

«Тоқаев: Әлемдік рецессия бұдан да терең және ауыр жүруі мүмкін» - Сондықтан көптеген елдер өз экономикасы мен азаматтарын қолдау үшін коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін батыл шаралар қабылдауда.

INFORMBURO.KZ. «Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі» - Қазақстанда коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер психоаналитиктерге хабарласып, кеңес ала бастады. Олардың қандай сұрақтармен хабарласатыны және оларға қандай көмек керек екені туралы Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова жауап берді.

«Дағдарыс жағдайындағы жылжымайтын мүлік нарығы. Баспана қымбаттай ма?» - Кейінгі бірнеше аптада болған оқиғалар – мұнай бағасының құлдырауы, доллар бағамының қымбаттауы мен елдің бас қалалары мен бірқатар өңірін "құрсауға алған" карантин режимі – жылжымайтын мүлік нарығына да салқынын тигізуде.

NEGE.KZ. «Ердоған індетпен күреске жеті айлық жалақысын қосты» - Әлемде COVID-19 жұқтырғандар бойынша Түркия алғашқы ондықта тұр. Қазірге дейін елде қауіпті індетке шалдыққандар саны 65 мыңнан асып, 1600-дей науқас дерттен көз жұмды. Індетке байланысты Түркияның 31 провинциясында комменданттық сағат режимі енгізілген. 

«Қол жуып, үйде отырғаннан да басқа мәселе бар» - Түрлі ақпараттарға көз салсақ осы тақырыптың түбі қол жуу мен үйде отыруға тіреліп жатыр. Сол дұрыс па? Әрине дұрыс емес. Мәселе сонымен оңай шешілсе соншама адам жер шарында ауырып, талайы көз жұмбас еді ғой. Соны аздап ойланған жөн сияқты. Сол туралы біраз пікір білдіруге рұқсат етіңіздер.

QAMSHY.KZ. «42 500 теңге: Әлеуметтік көмек алған қазақстандықтардың пікірі қандай?» - Қазақстанда төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы беру туралы шешім қабылданды. Осы орайда, әлеуметтік көмекке қол жеткізген азаматтар мемлекеттік қолдауға қатысты өз ойларын білдірді. 

«Қытай: Тарихи оқулықтарымыздағы Қазақстанға қатысты мәселелерге мән береміз» - Қытайдың ағылшынтілді Global Times басылымы Қытай тарихи оқулықтардағы Қазақстанға қатысты тұстардың мазмұнына үлкен мән беретінін мәлім етті.

«АҚШ: Қытай Орта Азия маңында ядролық сынақ жасаған болуы мүмкін» - Қару-жарақты бақылау туралы АҚШ мемлекеттік департаменті жариялаған жаңа есеп бойынша, Пекин барлық ядролық сынақтарға тыйым салатын халықаралық келісім-шартты қатаң ұстанатындығына қарамастан, ядролық сынақтарды жасырын түрде өткізген болуы мүмкін, – деп жазады Wsj.

SN.KZ. «Бір аптада 50 300 қол!»: қазақ халқы президенттен орыс тілін ресми мәртебесінен айыруды сұрады» - Бұл 50 мыңнан астам жұрт биліктен Конституциядағы 7-баптың орыс тіліне байланысты 2-тармағының алынып тасталуын, мемлекеттік тілді міндеттейтін «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң қабылдануын талап етуде.



17 сәуір 2020, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.