Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда COVID-19 жұқтырған әйел босанды

3 170 просмотра

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

13 сәуірде әйел жүктіліктің 39-аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Коронавирусқа сараптамалар алынып, қорытындысы оң нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер сараптама қорытындысы бойынша оған кесар тілігі жасалып, босанған. Нәтиажесінде салмағы 3,5 келіден асатын бала дүниеге келді. Бұл пациенттің екінші босануы еді.

"Жаңа туған нәрестеден де бірден алынған сараптамалар теріс нәтиже көрсетті. Жаңа туған нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр",– деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі - қанағаттанарлық, ол жақын арада емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Пациент COVID-19-дан сауығып жазылған кезде ұлымен бірге болады.

17 сәуір 2020, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.