Атырау, 23 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қарағанды қаласының маңында МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады

3 726 рет қаралды

2020 жылғы 16 сәуірде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға Қарағанды қаласының әуежайынан оңтүстікке қарай орыналасқан жерде орын алды. Ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінде өрт шықты. Катапульттеуге команда алғаннан кейін әскери ұшқыштар ұшақты елді мекенге қарай бағыттады, халыққа ешқандай қауіп төндірмейтініне көз жеткізгеннен кейін экипаж катапульттелді. Ұшқыштар аман.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен авиациялық оқиғаны тексеруге комиссия тағайындалды.

Оқиға орнына Әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару қызметінің жасағы келді.


16 сәуір 2020, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.