STAN.KZ. "Осындайда кімнің кім екенін түсіндіруге тура келеді": Динара Сәтжан Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді» - Бұған дейін Меруерт ханым Динара Сәтжанды қиын-қыстау кезеңде маска сатты деп айыптаған еді. Оны тегін үлестіруге болмас па деген ойын айтты. Оған тележүргізушінің айтары бар.
«Қоянбаев Уәлибек Әдірайымовқа: Мықты болсаңыз, халықтың ақшасына түсірілген киноларды сынамайсыз ба» - Нұрлан Қоянбаев пен Уәлибек Әбдірайымов нені бөлісе алмай жатыр? Аға мен інінің арасындағы дау қайта өрбіді. Кино мен театр әлемінің басшылары онлайн-майдан бастап кетті.
«"Болашақтан үміт күтеміз": Отандық кәсіпкерлер карантин кезінде қайтіп жан бағуда?» - Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы экономика үшін оңай соқпайтыны айдан анық. Қазақстандық кәсіпкерлер де зардап шегуде, кейбір сарапшылар мемлекет тарапынан қолдау болмаса, біраз шағын және орта бизнес өкілдері жабылып қалады деген болжам жасайды. Stan.kz тілшісі бірнеше отандық кәсіпкерлермен хабарласып, мемлекет көрсетіп жатқан қолдауына көңілдері тола ма, қазіргі жағдайда қалай күн көріп жатыр деген сауалдарды қойды.
AZATTYQ-RUHY.KZ. «Карантинді балалармен қалай қызықты өткізуге болады»: вундеркинд баланың анасы кеңесімен бөлісті» - Карантин режиміне байланысты қазір көптеген ата-аналар үйде іші пысып отырған балаларының көңілін аулауға тырысады. Еліміздегі ең жас микробиолог, вундеркинд бала Дариан Едрешевтің анасы Ирина Едрешева тәжірибесімен бөлісті.
«Ерлан Қарин «Uzyn Qulaq» каналы жайлы: «Президент жүргізіп отырған саясатқа зиянын тигізіп отыр» - Қазақстан Президентінің кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин әлеуметтік желілерде анонимді хабар тарататын Telegram-каналдарға қатысты пікір білдірді. «Соңғы кездері менен бірқатар Telegram-каналдарда жарияланатын жазбаларға қатысты жиі сұрайды. Осыған байланысты түсінік бере кетейін. Расымен де, әлеуметтік желіде анонимді және жалған ақпарат тарататын (Uzyn Qulaq, Страшный жуз, Записки Аксакала және т.б.) Telegram-каналдар көбейіп кетті. Сондай-ақ аталған каналдарда жекелеген құрылымдар мен тұлғаларға мақсатты түрде ақпараттық шабуыл ұйымдастырылады және жазбалардың тапсырыспен жарияланатыны көрініп тұрады», - деп жазды ол.
AZATTYQ.ORG. «Экс-әкімнің енесі және депутат басқаратын ұйымдар. Birgemiz қоры құрылтайшылары кім?» - Қазақстанда коронавирус өршіген тұста экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өз бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорынан "152 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берілгенін" айтты. Азаттық пандемия аяқталғанша жұмыс істейтін қордың құрылтайшылары кім екенін зерттеп көрді.
«Бәсекесіз сайлау, наразылық пен репрессия. Amnesty International шолуындағы Қазақстан» - Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейінгі өзгерістер азаматтық белсенділікке серпін беріп, жаңадан наразылық қозғалыстардың құрылуына ықпал етті. Бірақ билік репрессивті іс-әрекетінен жаңылмай келеді. Халықаралық Amnesty International ұйымы Еуропа мен Орталық Азиядағы адам құқықтарының ахуалы туралы сәуірдің 16-сына жариялаған шолуында осылай жазады.
BAQ.KZ. "Салт-дәстүрін сан ғасырлар бойы сақтаған эфиопия тайпасы туралы білесіз бе" - Испан фотографы Диего Арройо Мендес салт-дәстүрін сан ғасырлар бойы сары майдай сақтап келе жатқан Эфиопиядағы ауыл өмірінің таңғажайып бейнесін суретке түсірген.
«Қытайлар енді коронавирусты «Қазақстанда жасалған» деп жазып жатыр» - Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, Алматыдағы Орталық анықтамалық зертхана АҚШ әскери күштерінің қаржылай қолдауымен құрылған және әлі күнге дейін Вашингтон өкілдерінің бақылауында.
SN.KZ. «Еврейлердің мерекесі үшін Президенттің қызы карантин режимін бұзды» - АҚШ президентінің қызы Иванка Трамп еврейлердің Песах мерекесі үшін карантин режимін бұзды. Ол мерекені атап өту үшін күйеуі және балаларымен Вашингтоннан Нью-Джерсиге ұшқан, деп хабарлады New York Times.
«Тарт қолыңды Сақ тарихынан, Сағынтаев мырза!!!»: сенаторлар мен қоғам белсенділері дабыл қақты» - Сенаторлар Археология институтының қорытындысын алуды, қажет болған жағдайда «BI Group» компаниясының тарихи ескерткіштер орналасқан аумақта құрылыс салуын тоқтатуды, бұл үшін басқа жер телімін, не басқа да жолдарын іздеу керектігін айтып отыр.