Атырау, 13 қаңтар 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Алматыда 116 дәрігер COVID-19 жұқтырған, екеуінің жағдайы ауыр

4 275 рет қаралды


Алматыдағы Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте Алматыда 174 адам коронавирус жұқтырған.

"Олардың 58-і науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі балалар жұқпалы клиникалық аурухананың қызметкері, Орталық қалалық аурухананың 110 қызметкері, жедел жәрдем қызметінің екі қызметкері, N 32 қалалық емхананың бір қызметкері, N1 қалалық клиникалық аурухананың қызметкері вирус жұқтырған", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 346 адамнан коронавирус анықталды. Олардың алтауы - балалар, үшеуі - жүкті әйелдер.

14 сәуір 2020, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.