Атырау, 23 желтоқсан 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

42 500 теңгенің қандай жағдайларда берілмейтіні айтылды

6 540 рет қаралды

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы қандай жағдайларда 42 500 теңге төлемнің қандай жағдайларда тағайындалмайтынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Штаб мәліметінше, 42 500 теңге төлемнің тағайындалмау себептері мынадай:

өтінімдердің қайталануы - 1 042 842 өтініш қайталанған;

тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері); зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылар (ТЖ енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемегендер) - 521 365;

өтінім беруші бойынша ТЖ енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘУ/БТЖ/МЗЖ немесе өтінім берген уақытқа дейін БТЖ табылмады (бейресми өзін жұмыспен қамтушылар тұрғысынан) - 1 053 383;

жұмыс берушінің БСН/ЖСН дерегі, өтінім берушінің ЖСН дерегі көрсетілмеген немесе бұрыс көрсетілген - 63 222;

өтінім Қазақстан аумағынан тыс жерде тұратын немесе марқұм болып кеткен адамның атынан берілген - 378.

"Осылайша ТЖ кезінде табысынан айырылу бойынша МӘСҚ тарапынан әлеуметтік төлем тағайындау Ережесіне қатысты қателер мен сәйкессіздіктер жіберілген 2 681 190 өтінім анықталды", - делінген штабтың хабарламасында.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

14 сәуір 2020, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.