Атырау, 23 желтоқсан 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісіне қатысады

3 144 рет қаралды


Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің бейнеконференция форматында өтетін жұмыс кездесуіне қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли "Facebook"-тегі парақшасында жазды.

"14 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады. Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр" деп жазды ол.


13 сәуір 2020, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.