Атырау, 13 қаңтар 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

ШҚО-да қайтыс болған науқас туралы

3 387 рет қаралды


Coronavirus2020.kz Телеграмм-каналы ШҚО-да 1 науқастың қайтыс болғанын хабарлады.

1979 жылғы әйел адам 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда  провизорлық стационарға жеткізілді. Онда алгоритмге сәйкес CОVID-19 талдаулары алынып, нәтиже оң болып шықты.

Нәтиже алынғаннан кейін науқас инфекциялық стационарға, қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.

Пациентте СОVID-19-дан басқа 2 жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, уытты миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдром, ауыр алкогольдік улану анықталды.

Науқаспен реаниматолог бригадасы жұмыс істеді. Кейін ИВЛ аппаратына қосылды, реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Түнде екі рет жүрек қызметінің тоқтауы, сондай-ақ, екі рет реанимация сәтті өткен.

Алайда, жүрек қызметі қайтадан тоқтаған кезде, реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, биологиялық өлім анықталды.


13 сәуір 2020, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.