Атырау, 4 мамыр 22:15
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Молдағасымова алматылық дәрігерлердің вирус жұқтыру себептерін айтты

Бейнежазба
3 167 просмотра


Алматыда инфекциялық-провизорлық ауруханаларда жұмыс істейтін 2500 астам дәрігер тестілеуден өткен.

Карантинге жабылған орталық ауруханадағы науқастар өзге медициналық мекемеге ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.  

Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова айтты. Еске салайық, кеше орталық ауруханада 12 дәрігерден коронавирус анықталып, қабылдау бөлімімен қоса тағы бір бөлім карантинге жабылған еді.

«Бүгінгі күнде инфекциялық-провизорлық ауруханаларда жұмыс істейтін 2500 астам дәрігер тестілеуден өтті. Соның ішінде 43 адамның ауырғаны анықталды. Оның 12-сі №12 ауруханада жұмыс істейді»,  – деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы  Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Қазіргі уақытта дәрігермен байланыста болған барлық адамдар анықталып жатыр. Ал, аурухананың 200 қызметкері оқшауланған. Айта кетейік, дәрігерлердің індет жұқтырғаны карантин басталғалы 2500-ден астам дәрігерді тексергеннен кейін белгілі болған. Ал, бүгінде медицина мамандарынан бөлек, әскерилермен қатар өзге эпидемияға қарсы қызметтің өкілдері де COVID-19 індетіне тексерілуде. Ал, қаланың бас санитары қауіптің індетпен күресуде барынша сақтық шараларын ұстану керектігін елге тағы бір мәрте ескертті.  

«Қай жерде жұмыс істесе де, әрбір адам бірінші кезекте өзінің сақтығын ойлауы керек. Соны біз күні бүгінге дейін айтып жатырмыз. Араласып жүргендер бар, науқастарды қабылдауыңыз мүмкін. Ең бірінші өзіміз қауіпті болуымыз мүмкін дегенді ойды естен шығармау керек», – деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы  Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Бұдан бөлек, Алматыдағы өзге аурухана дәрігелеріне қалай жұққаны тексеріліп жатыр. Себебі әрбір мекеме өз қызметкерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуі керек және маманның да жауапкершілігі ескеріледі. Яғни, қауіпті індеттің қандайда бір белгілері байқалған жағдайда дереу тиісті мекемеге хабар беруі керек.  

«Қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы бүгінгі күнде жұмыс істемейді. Ондағы жұмыскерлердің барлығы карантинде. Оларға жүргізілген тестілеу нәтижелері теріс болып шықса, инфекциялық аурухана қайта ашылады. Бірақ оның қандай мерзіммен, кімді қабылдайтыны әлі шешіліп жатыр. Басқа стационарларда бетперде, қорғаныс құралдары жетіспей жатса, прокуратура тексеріп, тиісті шара қолданады, – деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы  Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Ал, қазір Орталық клиникалық ауруханадағы дәрігерлердің індетті қалай жұқтырғаны анықталуда. Айта кету керек, медициналық мекемелердегі қорғаныс құралдарының жеткілікті болуы әр екі күн сайын қатаң бақыланып отыр.  



13 сәуір 2020, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.