Атырау, 4 мамыр 17:11
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша консенсусты қолдады

3 722 просмотра


12 сәуірде ОПЕК+ мұнай өндіруші елдер министрлерінің кезектен тыс отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеоконференция барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның бұрынғысынша сындарлы диалогты, сонымен қатар әлемдік нарықта орын алған қиын жағдайды ескере отырып, өз тарапынан мұнай өндіру көлемін ұжымдвқ қысқарту бойынша шешімді қолдайтындығын атап өтті. 

ОПЕК+ мүше және мүше емес мемлекеттердің министрлер вебинары нәтижесінде мұнай өндіру көлемін 1 мамырдан бастап, екі айға тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқарту жөнінде келісімге қол қойылды«, - деп хабарлайды министрліктен. 

Қазақстан өз кезегінде келісімге қатысты консенсусты қолдады.

Дереккөз: inform.kz

13 сәуір 2020, 00:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.