Атырау, 5 мамыр 00:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Дәурен Абаев: Төтенше жағдай – журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды

4 506 просмотра


11 сәуірде Атырау облысында КТК арнасы журналистерінің ұсталғаны туралы хабар тараған болатын. Аталмыш оқиғаға қатысты бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атап айтқанда кеше аймақ әкімдігі журналистердің карантин режимін бұзғаны туралы хабарлама таратқан еді. «Елде қазіргі уақытта төтенше жағдай енгізілгенін, қатаң карантиндік шаралар қабылданғанын түсінеміз. Бәрі де қызметте. Алайда жергілікті билікті баспасөз жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздегі ақпарат бойынша журналистер карантиндік шектеулерді әдейі бұзбаған. Төтенше жағдай - журналистердің құқығын шектеуге сылтау бола алмайды. Журналистер қазір қауырт жұмыста, дұрыс ақпарат алу құқығымызды іске асыра отырып, алдыңғы шепте жүр. Ол туралы ұмытпайық», - деді Дәурен Абаев.

12 сәуір 2020, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.