Атырау, 23 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қытай миллиардері Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

3 490 рет қаралды


Сондай-ақ "Джек Ма" және "Alibaba" қорлары экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.

Қытай миллиардері Джек Маның қоры Қазақстанға медициналық қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Гуманитарлық жүк Алматыға 10 сәуірде жеткізілді.

"Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) "Джек Ма" және "Alibaba" қорларынан медициналық қорғаныс құралдары келді", - делінген хабарламада.  

4,5 тонна болатын гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері бұл қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тесттер мен жасанды тыныс алу аппараттарын жібермек.

Дереккөз: Sputniknews.kz

11 сәуір 2020, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.