Атырау, 23 желтоқсан 23:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ТЖ кезінде несие қарызы кейінге қалдырылуына байланысты артық төлем көбеюі мүмкін

4 184 рет қаралды


Қазақстанда несие бойынша төлемдердің кейінге қалдырылуына байланысты артық төлем көбеюі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында банктерге норматив-құқықтық актілерді дайындады. Бахмутова барлығының заңды түрде жүріп жатқанын айтады.

"Бұл құжатта несие бойынша төлемдердің үш айға кейінге қалдырылатыны айтылады. Осы кезенде ешқандай да төлем қосылмайды, бірақ бұл қарыздың пайызы кешіріледі деген сөз емес. Яғни қарыздың барлығы пайызбен қосқанда алдағы уақытта толығымен төленеді", - деді Бахмутова.

10 сәуір 2020, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.