Атырау, 26 сәуір 02:20
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ақтауда ер адам карантиннен қашамын деп омыртқасын сындырды

3 221 просмотра


Ақтауда ер адам карантинге жабылған тұрғын үйдің үшінші қабатынан секіремін деп, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Ақтауда уақытша науқастар тұрып жатқан 11-шағын ауданындағы № 10 тұрғын үй карантинге жабылды. Осы уақытта сондағы үйлердің бірінде қонақта болған Бейнеу ауданының тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, қашып кетпек болған. Алайда ол омыртқасын сындырып, қазір ауруханада жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева.

Айта кетейік, тұрғын үй коронавирус анықталға соң оқшауланған. Онда вирус жұқтырған екі адам бір отбасы мүшесі.

Денсаулық сақтау басқармасы өңір тұрғындарын үйден шықпауға шақырды. "Тұмау белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілсе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз немесе емханаға қоңырау шалып, жағдайыңызды түсіндіріңіз. Ауруханаларға және жеке клиникаларға барудың қажеті жоқ", - деді басқармада өкілі.

Еске салайық, Маңғыстау облысында коронавирус расталған үш адам бар. Ел бойынша барлығы 500-ден астам жағдай тіркелді.

Дереккөз: Tengrinews.kz  

4 сәуір 2020, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.