Атырау, 19 сәуір 19:27
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты

3 829 просмотра


Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған 60 мыңнан астам азамат әлеуметтік төлем алды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр бүгінде 42 500 теңгені алуға 450 мың азамат өтініш бергенін атап өтті.

76 мың қазақстандық проактивті түрде жәрдемақы тағайындау туралы SMS хабарлама алған.

"60 мыңнан астам адамның есепшотына тиісті ақша аударылды", - деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Сонымен қатар, министрлік проактивті түрде 238 мың азаматқа әлеуметтік төлем төлеу үшін банк шотының нөмірін көрсетуді сұрап, SMS хабарлама жіберген.

"Біз бұл нөмірді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаймыз. Одан әрі олар мұны төлем аудару үшін қолданады. Аталған жағдайда азаматтардан өтініш талап етілмейді. Біз проактивті түрде халыққа өзіміз қызмет көрсетеміз", - деді министр.

Әлеуметтік төлемді кімдер алады:

  • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
  • міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар;
  • қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
  • карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
  • Дереккөз: Sputnik Қазақстан
4 сәуір 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.