Атырау, 25 сәуір 08:56
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Қазақстанда бесінші адам коронавирустан қайтыс болды

3 692 просмотра


Ақмола облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ індетті жұқтырған тағы 25 адам тiркелдi.

"Қызылорда облысында - 2 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 14 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Қарағанды облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Алматы облысында - 1 адам, Жамбыл облысында - 1 адам, Алматы қаласында – 1 адам", - делінген хабарламада. 

Осылайша Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 525 адамға жетті. 

Айта кетейік, бұл коронавирус індетінен көз жұмған Қазақстандағы бесінші науқас. Бүгін таңертең Түркістан облысында тағы бір науқас қайтыс болған еді. Осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласында 1, Ақмола облысында 1 және Қарағанды облысында 1 қайғылы жағдай тіркелген.



Дереккөз: sputniknews.kz

4 сәуір 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.