Атырау, 19 сәуір 11:36
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Түркістан облысында көз жұмған науқас Алматыдан келгенін жасырған

2 682 просмотра


Түркістан облысында көз жұмған  64 жастағы науқас 15 наурызда Алматыдан келгенін жасырған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай ауданының 1956 жылғы тұрғыны қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Пневмония анықталып, тыныс алуы қиындаған. Науқас қант диабетімен ауырған. Барлық сынама алынып, емдік шаралар жүргізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды", - деді басқарма мамандары.

Науқас бір ай бойы Алматы облысының Қарасай ауданында қонақта болған. Бірақ он бесінші наурызда автобус арқылы өз үйіне келген. 29 наурызда ауырып, ауруханаға жатқызылады. Жетісай аудандық ауруханасының терапиялық бөлімінде ем қабылдайды. Жағдайы нашарлап, инфекциялық бөлімшеге ауыстырылған.

"Марқұм он бесінші наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырған. Біздің дәрігерлер одан зертханалық сынама алып, тест оң нәтиже көрсетті. Онымен байланыста болған барлық адам анықталды. Жақын араласқандар саны 25 адам, тағы қырық адамның жұқтыру қаупі бар", - деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі. 

Жалпы, Түркістан облысында 23 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны расталды. Жетісай ауданында ‒ 11, Кентау қаласында ‒ 2, Арыс қаласында ‒ 1, Ордабасы, Сарыағашта ‒ 1, Мақтааралда ‒ 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус табылды. Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған. 

Дереккөз: sputniknews.kz

4 сәуір 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.