Атырау, 26 сәуір 02:13
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Талғарлық шенеуніктер ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді

3 588 просмотра


Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Олар Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі Қызыл ту ауылында біреудің жеке мүлкі және жер учаскесін заңсыз иемденіп, жалға алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған басшылық етті деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімдері де жемқорлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

2 сәуір 2020, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.