Атырау, 26 сәуір 19:49
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 400-ден асты

3 037 просмотра


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 402-ге жетті, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

"Алматыда төрт адам, Нұр-Сұлтанда жеті адам, Жамбыл, Атырау облысында екі, Солтүстік Қазақстанда бір, Қарағанды облысында алты адамда COVID-19 анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде 402 адам коронавирус жұқтырды:

  • Нұр-Сұлтан - 191;
  • Алматы - 90;
  • Шымкент - 3;
  • Ақмола облысы - 19;
  • Ақтөбе облысы - 4;
  • Алматы облысы - 9;
  • Атырау облысы - 18;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 2;
  • Жамбыл облысы - 5;
  • Батыс Қазақстан облысы -2;
  • Қарағанды облысы - 21;
  • Қызылорда облысы - 25;
  • Маңғыстау облысы - 1;
  • Павлодар облысы - 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6;
  • Түркістан облысы - 5.

Індеттен республика бойынша үш адам қайтыс болды. Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. Кеше, 1 сәуір күні үшінші адам Қарағанды облысында көз жұмды. 26 адам жазылып шықты.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 сәуір 2020, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.