Атырау, 20 сәуір 07:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде әкім тойға барған

3 860 просмотра


Төтенше жағдай режимі кезінде тойға барған ауылдық округ әкімін жұмыстан босату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 наурызда Facebook желісінде Қызылорда облысы Шиелі ауданы "Төңкеріс" ауылдық округ әкіміне шағым түскее. Елде коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында шектеу шаралары қабылданғанына қарамастан, Әлия Нұрманова үйлену тойына қатысқан. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс қорытындысы бойынша, лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, басшылықтың Әлия Нұрманованы ауылдық округ әкімі қызметінен босату туралы ұсынысты қолдағаны айтылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 сәуір 2020, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.