Атырау, 20 сәуір 01:40
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Коронавирус шаш арқылы жұғады

5 858 просмотра


Санитар дәрігерлер коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы WhatsApp-та тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Соңғы күндері WhatsApp пен әлеуметтік желілерде коронавирустың шаш арқылы жұғатыны туралы аудиохабарламалар тарап жатыр.

"Жұмыста жиналыс өтті. Вирус шаш арқылы тез тарайтындықтан бізге орамал тағу керегін айтты. Сосын қытайлық дәрігерлер келді. Келе салысымен бізге ескерту жасады, себебі біз орамалсыз, баскиімсіз отырдық. Қытайда тіпті шашын тақыр қылып алып тастап жатыр", - дейді белгісіз әйел аудиохабарламада.

Аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев бұл мәліметті растады. Оның айтуынша, инфекция шашқа кіріп кеткен соң бірнеше сағат ішінде вирус адамға жұғады. Ол өзі ештеңе сезбеуі мүмкін.

"Қолғап, маска, көзілдірік тағып, санитайзерлерді қолданып, қолды жиі жуудан бөлек, үнемі баскиім киіп жүру қажет. Әсіресе, адам көп шоғырланған жерде. Шашы жайылған адамда инфекция жұқтыру қаупі жоғары", - дейді Қауметбаев.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 363 адамға жетті.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

1 сәуір 2020, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.